
ХАЛЫҚТЫҚ ТЕАТР-ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ТОҒЫСЫ
Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы және Әйтеке би аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Халықтық театр-дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысы” тақырыбында “Халықтық” және әуесқой театр режиссерлары мен драма үйірмелері жетекшілеріне арналған “Замандас” халықтық театрының облыстық іс-тәжірибе семинары жоғары деңгейде өтті.
Семинар барысында “Замандас” халықтық театрының атқарылған жұмыстары толық таныстырылды.
ОХШО мониторинг және талдау бөлімінің меңгерушісі А. Әбдікәрімқызы және
ОХШО мониторинг және талдау бөлімінің әдіскері Р. Қалдығалиева қатысып, өз лебіздерін білдірді және шара соңында “Замандас” халықтық театрының әдістемелік жинағын қатысушыларға табыстап, театр ұжымын Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Г.Калиеваның Алғыс хатымен марапаттады.
Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы А. Абенова шараға қатысып, қатысушылар мен ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді және Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығына Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары К. Байдрахмановтың Алғыс хатын табыстады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1218948?lang=kk

Жауап қалдыру