АУДАНДА КИЕЛІ ОРЫНДАРДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданындағы киелі орындарда «Таза Қазақстан» шарасы аясында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Игі шараға аудандағы жалпы кәсіпорындардың, қоғамдық, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұжымы мен аудан тұрғындары, жалпы 500-ге жуық адам қатысты.
Сенбілік барысында «Арыстанбаба» кесенесінің аумағы мен «Отырар төбе» қалажұрты маңы ретке келтіріліп, айналадағы табиғи шөптер шабылды.
Тазалық шарасында 4 арнайы техниканың көмегімен 2,6 тонна қоқыс арнайы аумаққа шығарылды. Көше бойындағы ағаштардың қураған бұтақтары қырқылып, түптерін қопсыту, әктеу, көшет егу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде тарихи ескерткіштер мен мәдени кеңістіктерді сақтау – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Мәдени мұра нысандарын қорғау, оларды күтіп-ұстау және көркейту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғаса бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1218994?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді