
Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер және ел тыныштығын күзетіп жүрген барша азаматтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін Отан алдындағы адал қызмет пен ерлік рухын дәріптейтін ерекше мереке. Ел қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Тәуелсіз еліміздің айбынын арттырып, халықтың бейбіт өмірі мен тұрақтылығы үшін қызмет етіп жүрген барлық сала мамандарына алғысымды білдіремін. Әсіресе, әскери қызметшілер мен ардагерлердің ел алдындағы еңбегі – жас ұрпаққа үлгі.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін. Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Ізгі тілекпен,
Мақсат ТАҢҒАТАРОВ
Сауран ауданының әкімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1219063?lang=kk

Жауап қалдыру