ШҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 мамыр күні Өскемен қаласында мемлекеттік қызметшілердің XIX облыстық Спартакиадасы аясында үстел теннисінен жарыстар өтті. Сәтпаев даңғылы, 82/8 мекенжайында орналасқан үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде  ұйымдастырылған додаға өңірдің қалалары мен аудандарынан, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттерден 26 команда, барлығы 78 қатысушы бақ сынады.

Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша қалалар мен аудандар арасында Ұлан ауданының спортшылары алтын тұғырдан көрініп, 1-орынды иеленді. Жүлделі екінші орын Алтай ауданына бұйырса, үшінші орынды Глубокое ауданының құрамасы місе тұтты.

Облыстық ведомстволар мен аумақтық департаменттер арасындағы бәсекеде Қазынашылық департаменті үздік шығып, жеңімпаз атанды. Күміс жүлде Мемлекеттік кірістер департаментіне бұйырса, үздік үштікті Білім басқармасының қызметкерлері түйіндеді. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл шара мемлекеттік қызметшілер арасындағы спорттық байланысты нығайтып, жоғары командалық рухты көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1219054?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді