
2026 жылғы 13 мамыр күні Тарбағатай аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы, аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі қатысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Тарбағатай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №35/2-VIII « 2026-2028 жылдарға арналған Тарбағатай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы.
Қоғамдық Кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1219048?lang=kk

Жауап қалдыру