ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ЛОГОТИПІ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түлкібас  ауданының  нышанын (логотип) әзірлеуге арналған  конкурс аясында 8 автор ұсынған 24 жоба арнайы жұмыс тобының қарауына ұсынылды. Осыған орай,  аудан әкімінің орынбасары Бақдәуір Кәлменнің төрағалығымен  аталған жобаларды талқылауға арналған жиналыс  өтті.
Арнайы құралған жұмысшы топ әр ұсынылған жобаны жан-жақты саралап, тарихи, мәдени, географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерге сай болуына баса назар аударды. 
Жиын барысында жұмысшы топ мүшелері ұсынылған логотиптерге қатысты ой-пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстар айтты. Жобаны әзірлеу барысында қойылған талаптар бойынша байқауға қатысушылар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту идеясын бейнелеуге және геральдикалық белгілерді сақтауға міндеттелді. Конкурсқа кез келген Қазақстан Республикасының  азаматы қатысуға мүмкіндік алды.
Конкурс 2026 жылдың  3 ақпан  мен  2026 жылдың 3 мамыр  аралығында  жүргізілді. 
          Жұмысшы топ  ұсынылған 6  жобаны қолдап, қоғамдық талқылауға жіберілді. 
     Қоғамдық талқылау аяқталған  күннен бастап ең көп дауыс жинаған жоба комиссия отырысында қаралып, оң қорытынды алған жоба аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tyulkubas-audany/press/news/details/1219146?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді