Астана қаласы Коммуникациялар қызметінің ресми парақшасында тікелей эфирде «Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудің жаңа тетігі туралы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 мамырда Департамент басшысының орынбасары Л. Е. Сартымбетова Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Б.Н. Жумаділмен бірлесіп, Астана қаласы Коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында facebook.com/rsk.astana01 мекенжайы бойынша «Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етудің жаңа тетігі туралы» тақырыбында тікелей эфирде онлайн баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясы барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2024 жылы бекітілген 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары айтылды.

Жүргізіліп жатқан өзгерістердің басты мақсаты — әрбір адамның нақты қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту көмегінің сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.

Реформаның негізгі бағыттарының бірі — Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарының (ОТҚ) құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыру. Бұл тетік адами факторды болдырмауға, ашықтықты, объективтілікті және баға қалыптастырудағы бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығының базасында ОТҚ-мен қамтамасыз ету жүйесін жетілдірудің заманауи тәсілдері енгізілуде.

Сонымен қатар, Ақтөбе, Павлодар және Қарағанды облыстарында оңалтудың техникалық құралдарын қайтару тетігін енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылатын болады. Аталған тетіктің тек ерікті сипатта екені және азаматтар үшін қосымша мүмкіндік ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

Өзгерістердің негізгі мақсаты бюджет қаражатын үнемдеу емес, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған қолжетімді, тиімді және үздіксіз оңалту жүйесін қалыптастыру екені ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1219262?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді