
«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №120, №119, №121 және 2022 жылғы 15 қыркүйектегі №265 бұйрықтарына сәйкес хабарлайды:
– 2026 жылғы 20 мамыр күні сағат 18:00 «Даму Бала» платформасында балаларға арналған кезек ашылады.
– 2026 жылғы 21 мамыр күні сағат 18:00 «Даму Бала» платформасында оператордың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат көлемінде ваучерлер автоматты түрде берілетін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1219284?lang=kk

Жауап қалдыру