Ақмола облысында жаңа өндіріс кешенінің құрылысы басталуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аршалы ауданындағы «AQMOLA» индустриялық аймағында атом энергетикасы мен уран өндіру саласында қолданылатын наносүзу технологиялары негізінде респираторлық және мамандандырылған жеке қорғаныс құралдарын шығаратын Қазақстандағы алғашқы өндіріс кешенінің құрылысы басталды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары өндіріс кешені жанынан құрылатын ғылыми-зерттеу зертханасында технологияны модификациялаумен айналысады. Әзірлеушілердің мәлімдеуінше, отандық өнім шетелдік аналогтардан арзан болады және радиоактивті бөлшектерді ұстап қалу тиімділігін дәстүрлі сүзу әдістерімен салыстырғанда айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба «Энергоатом» ЖШС және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қатысуымен, сондай-ақ Аршалы ауданы әкімдігі, «Aqmola Industry» ЖШС-нің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ол өнеркәсіпті, ғылым мен технологияны біріктіре отырып, жаңа буындағы жеке қорғаныс құралдарын өндірудің заманауи базасын қалыптастырады.

Жаңа буын жеке қорғаныс құралдарының толық өндірістік циклі мен наносүзгіш материалдар зертханасын құру импортты алмастыруға, экспорттық әлеуетті, ұлттық ғылыми-технологиялық мектепті және өңірдің өнеркәсіптік секторын дамытуға септігін тигізеді деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1219435?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді