Ескек есу слаломынан Азия чемпионатында қанша отандасымыз сынға түседі?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13-16 мамыр аралығында Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы Сяси қаласында ескек есу слаломынан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Жарыс қарсаңында Қазақстан командасы осы қалада шағын оқу-жаттығу жиынын өткізіп үлгерді. Алдағы күндері мына спортшылар ел намысын қорғайды:

Каноэ слалом – Қуаныш Еренғаипов, Александр Куликов, Тимур Рынк, Алуа Мәулетқан, Анастасия Ананьева, Влада Тараданова, Есеня Королева;
Каяк кросс – Иманғали Мамбетов, Владислав Рябко, Александр Коробов, Екатерина Таранцева;

Анықтама: Каноэ слаломда спортшы өзен ағысымен жалғыз түседі. Жолда ілулі тұрған «қақпалардан» (белгіленген бағаналар) өтуі керек. Каяк-кросс – бір уақытта 4 спортшы биік трамплиннен суға бірге секіріп, мәреге бірінші жету үшін жарысады. Мұнда қайықтардың бір-біріне тиюіне, соқтығысуына рұқсат етіледі. Бұл – 2024 жылғы Париж Олимпиадасында алғаш рет таныстырылған, өте қарқынды дамып келе жатқан бағдарлама.

Айта кетейік, құрлық бәсекесіне 7 мемлекеттен 85 спортшы жүлдеге таласады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1219596?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді