9 Мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Шортанды ауданының прокуроры аудан әкімімен бірлесіп тыл ардагерлері — Пригородный және Бектау ауылдық округтерінде тұратын Сергазина Зейнеп Ескендировна мен Ткаченко Эмилия Павловнаға барды.
Кездесу барысында ардагерлерге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық еңбегі, ерлігі мен Отанға деген адалдығы үшін алғыс сөздер айтылды. Сондай-ақ оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және амандық тілек білдірілді.
Тыл ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.
Шортанды ауданының прокуратурасы ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету, оларға қамқорлық жасау – өскелең ұрпақ үшін маңызды міндет екенін атап өтеді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1219635?lang=kk

Жауап қалдыру