Ведомствоаралық кеңес қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан прокуроры Н.А. Ережеповтың төрағалығымен аудан прокуратурасында құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті қызметтердің өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңес барысында қылмыстылықтың жай-күйі және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың өзекті мәселелері қаралды. Қоғамдық орындарда, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен ауданның уәкілетті органдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 03 желтоқсандағы №54 «Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» Заңының 65-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 10-бабы 5-2-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» нормативтік қаулысының ережелері түсіндірілді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 18 шілдедегі №73 «Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 319-бабының бесінші бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» нормативтік қаулысының ережелері жеткізілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1219633?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді