
📍 Ақтөбеде Smart Avtobys Aqtobe компаниясының жаңа диспетчерлік орталығы жұмысын бастады. Ол Ақтөбе, Хромтау және Қандыағаш қалаларындағы қоғамдық көлікті тәулік бойы бақылауға арналған.
💻 Жаңа цифрлық жүйе автобустардың қозғалысы, маршруттардың сақталуы және кестенің орындалуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
✅ Әр автобус арнайы жүргізуші планшетімен жабдықталған. Құрылғыда маршрут, көліктің қазіргі орналасқан жері, кестеден ықтимал ауытқулар және жолаушылар ағыны туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге және желідегі тәртіпті күшейтуге мүмкіндік береді.
📌 Компания мәліметінше, жүйе барлық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейді — кешігулер, ұзақ тоқтап тұру, маршруттан ауытқу және жылдамдықты асыру жағдайлары.
🌐 Компания өкілдері диспетчерлік орталықтың іске қосылуы өңірдің көлік инфрақұрылымын цифрландырудағы маңызды қадам болды дейді.
🚏 Заманауи технологияларды енгізу автобустар қозғалысының тұрақтылығын арттырып, тасымалдаушыларды бақылауды күшейтуге және Ақтөбе, Хромтау мен Қандыағаш тұрғындары үшін жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1219661?lang=kk

Жауап қалдыру