САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «AMANAT» партиясы Мәртөк аудандық филиалының атқарушы хатшысы, мәслихат депутаты Ануар Искарин, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бану Тілегенова және Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы Талғат Көлкебаев Мәртөк ауданындағы теміржол саласының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында теміржол саласының бүгінгі тыныс-тіршілігі, еңбек жағдайы мен өзекті мәселелері талқыланды. Депутаттар депутаттық қызмет аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынатынын жеткізді.

Кездесу қорытындысында айтылған ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, оларды тиісті деңгейде қарастыру және кезең-кезеңімен шешу бағытында жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/1219680?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді