
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Шығыс Қазақстан университетінің өкілдерімен маңызды кездесу өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген соңғы өзгерістер жан-жақты талқыланды. Бұл өзгерістер еліміздің дамуындағы жаңа кезеңді айқындап, әділеттілік, ашықтық және есептілік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ құқықтық жүйенің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді.
Департамент өкілдері үшін аталған жаңашылдықтардың мазмұнын терең түсіну және оларды тәжірибеде тиімді қолдану ерекше маңызға ие екені айтылды. Осы тұрғыда кездесу ғылым мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты нығайтатын маңызды диалог алаңы ретінде бағаланды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерінің кәсіби тәжірибесімен және ғылыми көзқарастарымен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Мұндай ашық диалог жаңа идеялар мен тұжырымдардың қалыптасуына және болашақ ынтымақтастықтың дамуына жол ашатыны атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға жемісті жұмыс пен мазмұнды пікір алмасу тілегі білдірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-vko/press/news/details/1219724?lang=kk

Жауап қалдыру