ҚҰРМАНСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәртөк аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ануар Искарин мен аудандық мәслихат төрағасы Талғат Көлкебаев Құрмансай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында депутаттар атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдап, көтерілген мәселелерді назарға алды. Ауыл тұрғындары тарапынан ауылды газдандыру, ауылдағы жас мамандарға баспана салу мәселелері көтерілді.

Өткен жылы Құрмансай ауылдық округін көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. Жобаның жалпы құны 905,9 млн теңгені құрайды. Алайда қазіргі таңда аталған жоба қаржыландыру мәселесіне байланысты іске асырылмай отыр. Осыған байланысты депутаттар алдағы уақытта мәселенің шешімін табу мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолдайтындарын жеткізді.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттарының бастамасымен ағымдағы жылы округ орталығындағы су мұнарасы жаңартылды. Бұл ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізуде. Бұдан бөлек, округке қарасты Шаңды ауылында ауызсу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Кездесу қорытындысында тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-martuk/press/news/details/1219770?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді