Еңбек инспекциясы департаменті, “МАК “ӨСК” АҚ өкілдерінің, сондай-ақ “Swiss Collection”құрылыс объектісінің мердігер ұйымдарының қатысуымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқоңыр ауданы, Жұмабек Тәшенов көшесі, 22 мекенжайында орналасқан Swiss Collection тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында Еңбек инспекциясы департаменті, “МАК ӨСК АҚ өкілдерінің, сондай-ақ осы құрылыс объектісінің бас мердігері болып табылатын RAAF Construction ЖШС мердігерлік ұйымдарының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шара еңбек заңнамасы саласындағы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталып, құрылыс жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік талаптары мен еңбекті қорғау нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында жұмыс берушілерге қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша талаптар қосымша түсіндірілді. Бұл еңбек құқықтарын қорғаудың және қызметкерлердің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1219846?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді