Құқықтық оқыту аясында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған мамандар үшін жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2026 жылғы 23 сәуірде семинар өткізілді. Семинар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №117 бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Аталған құжат «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» тақырыбын қамтиды. Семинар барысында басқарма мамандарына бұйрық талаптары түсіндіріліп, барлық қойылған сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1219839?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді