
2026 жылдың 14 мамырында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Еңбекшіқазақ аудандық Халыққа арналған цифрлық кеңседе «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шараға департаменттің №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Смаилханова және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалы және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы филиалының Еңбекшіқазақ ауданы бөлімінің өкілдерімен бірлесе отырып, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша ақпаратттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында аудан халықы тарапынан қойылған барлық сұрақтарға спикерлермен жан-жақты жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1220076?lang=kk

Жауап қалдыру