
Көктем мен жаз әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға қолайлы кезең. Өскелең ұрпақтың денсаулығын көктем және жаз айларында нығайтудың тиімді әдістерінің бірі шынығу және сауықтыру шаралары.
Шынығу адам ағзасына пайдалы болғандықтан, шынығудың келесі түрлері қарастырылған:
1. Ауамен шынығу – балалар үшін ең оңай және қол жетімді ыңғайлы әдіс. Мысалы: мектеп жасына дейінгі балаларды ашық ауада киіндіріп, таңертеңгілік жаттығулар жасаудан бастап, содан кейін бөлменің терезе желдеткішін ашып (жазда) ұйықтауды қосуға болады. Бөлмеде 18 – 20 градус температураны сақтаған дұрыс. Жазғы кезеңде мектеп жасына дейінгі балалар кез-келген ауа-райында ашық ауада көбірек уақыт өткізгені абзал. Серуендеуге арналған киім белсенді қозғалыстарды шектемеу үшін жеткілікті ыңғайлы болуы керек.
2. Сумен шынығу – су шынығудың ең күшті факторы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңертең, тамақтанар алдында және кейін, дәретхана мен серуендеуден кейін қолды жуу күн тәртібіне енгізілуі керек міндетті нәрсе. Гигиеналық мәннен басқа, қолды салқын сумен жуу шынығу рөлін атқарады. Тамақтанғаннан кейін тамақты салқын сумен шаю және 39 градус температурадан бастап аяғыңызға су құю тиімді шынықтыру болып саналады, әрі қарай әр 2-3 күн сайын 1-2 градусқа төмендетіп отырған абзал.
3. Жалаң аяқ жүру бүкіл денені жалпы күшеюіне әсерін тигізеді. Жалаңаяқ жүру дененің салқынға бейімделуіне ықпал етеді, аяққа массаж жасайды және бүкіл денені сергітеді. Көктемнің алғашқы күндерінен бастап балалар сыртта мүмкіндігінше ұзақ болуы керек.
4. Балаларға жаздың жылы жаңбырында серуендеу кезінде шикі шөптермен, шалшықтармен жүгіруге немесе кешуге тура келсе де қорқынышты емес, бұл олардың денесінің төзімділігін одан әрі арттырады.
Шынығу шаралары, сонымен қатар сауықтыруды дұрыс жүргізген кезде өте пайдалы, мысалы: тәулікті дұрыс бөлу, дұрыс тамақтану, күнделікті серуендеу, таза ауада ұйықтау, жасына сәйкес ыңғайлы киім кию, ауа және температура режимі, бөлмені үнемі желдету.
Балалар біздің болашағымыз, сондықтан балалардың денсаулығын сақтау және нығайту шараларын халық арасында кеңінен насихаттау санитариялық дәрігерлер мен гигиенистердің қызметіндегі басым міндеттердің бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1220154?lang=kk

Жауап қалдыру