
«Тіл мұрасы» жоба аясында ұйымдастырылған «Сөз зергері» облыстық байқауының аудандық кезеңі 2026 жылы мамырдың 14-і күні «Бескөл мектеп колледжі» ЖШС кешенінде 1-сынып оқушылары, мектепалды сынып, мектепалды топ тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылды.Аталмаш байқауға мектептеріміздің 60-тан астам қатысушыларын қамтыды.
Байқаудың мақсаты: 1-сынып оқушылары мен мектепалды жас тобының тәрбиеленушілерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз арқылы тілдік қорын байыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру.
Оқушыларымыздың жолы болып, өз өнерлерімен қазылар алқасының мүшелерін тәнті етіп, дәрежелі дипломдар және сертификаттармен марапатталды.
Байқау қорытындысы «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ сайтында орналасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-kyzylzhar/press/news/details/1220287?lang=kk

Жауап қалдыру