Алматыда күшті жер сілкінісінің сценарийі пысықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жүйелі дайындық аясында бүгін Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді.

  Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес мегаполисте шартты түрде күші 7 балдық жер сілкінісі орын алды. Жедел түрде қалалық құлақтандыру жүйесі іске қосылып, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылды, теле-радиоарналар эфирін ұстап қалып, MassAlert жүйесі арқылы жедел хабарламалар жолданды.

  «Баршаның назарына!» сигналы бойынша қаладағы әлеуметтік нысандар объектілік сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Тұрғындар мен келушілер ұйымдасып, ғимараттардан қауіпсіз алаңдарға эвакуацияланды.

  Сейсмикалық жаттығу жоспарына сәйкес 20 оқу орны белгіленді. Негізгі практикалық іс-шаралар тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында басталды. Қаланың жедел қызметтері шартты жер сілкінісінің салдарын жою бойынша іс-қимылдарды пысықтады.  Оқу-жаттығу барысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 тікұшағымен әуеден барлау жүргізілді, құтқарушылар тұрғын үйдің шатырына парашютсіз түсірілді, жоғарғы қабаттардан зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жүргізілді, үйінділерді аршу және адамдарды шығару жұмыстары атқарылды, биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру әрекеттері пысықталды.

  Қаланың барлық ауданында зардап шеккен халықты қабылдау пункттері орнатылды. Сонымен қатар Алматы-2 станциясынан халықты автомобиль және теміржол көлігімен эвакуациялау іс-шаралары тәжірибе жүзінде пысықталды. Қауіпті өндірістік нысандар базасында шартты химиялық және биологиялық апаттарды жою жұмыстары жүргізілді.

  Қаладағы мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін тоғыз стационарлық мекемеде ТЖД қызметкерлері мен Алматы әскери гарнизонының әскери қызметшілері тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға эвакуациялап, кейін халықты қабылдау пункттеріне тасымалдауды жүзеге асырды.

  Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуға 1000-нан астам жеке құрам қызметкері мен 150 бірлік техника жұмылдырылды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1220437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді