
Тараз қаласын гүлдендіру жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы «Нури Агро» ЖШС шаһарға 1000 түп раушан гүлін тарту етуде.
Әсем гүлдер қала көшелері мен қоғамдық орындарға егіліп, шаһардың көркін арттыра түспек. Бұл — қаланың экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындарға жайлы әрі әдемі орта қалыптастыруға бағытталған игі бастама.
Қаланың гүлденуіне үлес қосып жатқан «Нури Агро» ЖШС-не алғыс білдіреміз. Гүлденген Тараз — баршамызға ортақ мақтаныш!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1220409?lang=kk

Жауап қалдыру