
Қалалық мәслихатта Кендебай Адамбектің төрағалығымен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның «Жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқаруға арналған шешім» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру туралы» тақырыбында отырысы өтті.
Жоба қалалық ортаны цифрлық түрлендіру шеңберінде іске асырылуда және заманауи зияткерлік технологияларды енгізу арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Тұрақты комиссияның төрағасы отырысқа дайындық аясында депутаттар Smart Citi шеңберінде іске асыруға жоспарланған бірқатар нысандарды аралағанын атап өтті.
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Берік Ахметов баяндама жасады. Ол қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру, қалалық инфрақұрылымды басқару тиімділігін арттыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында, «Жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқаруға арналған шешім» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті.
Жоба нақты уақыт режимінде деректерді орталықтандырылған жинауды, өңдеуді және талдауды қамтамасыз ететін жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, зияткерлік платформаны енгізуді көздейді. Жобаны іске асыру шеңберінде келесі іс-шаралар көзделген: оқиғаларды автоматты түрде анықтау және талдау үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бейне аналитика жүйесін енгізу; қоғамдық орындарда және қалалық инфрақұрылым объектілерінде жалпы бейне бақылау камераларын орнату; жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендерін енгізу; бөгде ұйымдардың бейне бақылау жүйелерін мониторингтеу мен бақылаудың бірыңғай қалалық жүйесіне интеграциялау. Спикердің айтуы бойынша, елордада барлық деректер ауқымын өңдеу және сақтау үшін заманауи Деректерді өңдеу орталығы құрылды.
Тұрақты комиссия төрағасының пікірі бойынша, жоба оқыс оқиғалар мен қауіптерді ертерек анықтауға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін және қалалық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.
ПД және ТЖД өкілдері жедел жағдайдың жақсарғанын, жолдардағы құқық бұзушылықтар санының азайғанын, сондай-ақ бет-әлпетті тану функциясымен камералар санын көбейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 25 сәуірден бастап ТЖД өкілі Ахуалдық орталықта жұмыс жүргізіп жатқаны атап өтілді.
Депутаттар есірткі құралдарының таралуына байланысты қала шетінде бейне бақылау камераларын орналастыруға, елордалық әуежаймен өзара іс-қимылдың болуына, дерекқордың резервтік көшірмесінің болуына, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының интеграциялану кезеңіне қатысты бірқатар сұрақтар қойды.
Отырысты қорытындылай келе, бейіндік комиссияның төрағасы жобаның маңыздылығын тағы бір рет талқылау және оның негізгі мақсаттары мен артықшылықтарын оларға жеткізу үшін мемлекеттік құрылымдардың басшыларымен кездесу ұйымдастыруды ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/1220545?lang=kk

Жауап қалдыру