Қазақстан мен ДЗМҰ жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Женева, 2026 жылғы 13 мамыр – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың ДЗМҰ Бас директорының орынбасары Хасан Клейбпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен ДЗМҰ арасындағы зияткерлік меншік, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.

Тараптар жасанды интеллект пен зияткерлік меншік саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ Қазақстанның ДЗМҰ-ның халықаралық бастамаларына қатысуын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның «Жасанды интеллект негізінде өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізуді цифрлық трансформациялау» жобасын одан әрі іске асыру мәселесін жеке талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша ДЗМҰ-ның бейінді бөлімшелерімен техникалық деңгейдегі келіссөздер мен консультацияларды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан бөлек, кездесу аясында ағымдағы жылдың қараша айында өтетін Зияткерлік меншік және жасанды интеллект жөніндегі ДЗМҰ-ның жаһандық форумына дайындық мәселелері қаралды.

Келіссөздердің жеке тақырыбы ретінде 2026 жылғы 7–15 шілде аралығында өтетін ДЗМҰ Бас Ассамблеясына дайындық мәселелері талқыланды. Аталған іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық көрмесінің ресми ашылуы жоспарланып отыр.

ДЗМҰ өкілдері сондай-ақ Қазақстанның цифрландыру, мемлекеттік сервистерді дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу салаларындағы елеулі жетістіктерін атап өтіп, осы бағыттар бойынша серіктестікті одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инновацияларды, жасанды интеллектіні ілгерілетуге және зияткерлік меншікті дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделіліктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1220521?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді