
2026 жылғы 27 сәуірде сағат 11:00-де Ақтау қаласындағы «Ақтау халықаралық әуежайы» аумағында «Этиологиясы белгісіз қызба» инфекциялық ауруына күдікті науқас анықталған жағдайда шұғыл алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ауқымды оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылғы 12 ақпандағы №36-НҚ бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Іс-шараға Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, шекаралық бақылау қызметінің, кедендік бекеттің, әуежай қызметінің, полиция және медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты. Оқу-жаттығудың мақсаты – қызметтердің төтенше жағдайларға дайындығын тексеру және инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігін бағалау. Жаттығу барысында әуе кемесінің бортында және әуежай терминалында инфекцияны оқшаулау, науқасты госпитализациялау, байланыста болған адамдарды анықтау және шектеу эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру алгоритмдері пысықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1220644?lang=kk

Жауап қалдыру