
Әр адамның өміріндегі, ең бастысы, қарапайым әрі маңыздысы отбасы, үйі, жақын адамдары, балалары болып табылады.
“Отан отбасынан басталады”,- деп бекер айтылмаған, адам баласына берілетін тәрбиенің негізі отбасында қалыптасып, үлкен өмірге де осы шаңырақтан қанаттанады. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы алтын көпір болып қала бермекші.
Отбасы – қоғамның басты тірегі, Отанымыздың ошағы. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы – Атамекеннің тұтастығы.
Елімізде жас ұрпақтың білімді, дені сау болуы, әрбір некенің мызғымас берік болуы, қарттардың зейнетті өмір кешуі үшін барлық жағдайы жасалып келеді.
Жарқайың ауданымызда шаңырақ иелері көбейіп, олардың ортасында еліміздің ертеңі – жас жеткіншектеріміз де алаңсыз өсіп-өне берсін. Әрбір отбасына құт-береке қонуға жазсын. Сіздерге зор денсаулық, амандық-саулық, отбасында баянды бақыт тілеймін!
Осы бір тамаша мерекелеріңізбен құттықтап, бәріңізге денсаулық, өмірдің бар жақсылығын тілеймін.
Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1220669?lang=kk

Жауап қалдыру