«Туберкулез және кене энцефалитінің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 мамырда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Балапан» авиациялық оқу-жаттығу орталығының қызметкерлеріне туберкулез және кене энцефалитінің алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерді аталған аурулардың алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ олардың таралуын болдырмау және қорғану тәсілдерін түсіндіру. Дәріс барысында инфекциялардың жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы өзекті мәселелер қарастырылды. Қатысушылар ақпаратты белсенді түрде талқылап, қойылған сұрақтарына толық жауап алды. Өткізілген дәріс қызметкерлердің туберкулез және кене энцефалитімен байланысты қауіптер туралы хабардарлығын арттыруға және жұмыс орнында денсаулық пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1220632?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді