
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік сақтау саласындағы бақылау бөлімімен 2026 жылғы 5 мамырдан бастап 15 мамыр аралығында Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы” КММ профилактикалық бақылау жүргізілді.
Тексеру барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлігінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзуға әкеп соғатын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда, қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасыз көрсетілуі. Анықталған бұзушылықтар бойынша субъект басшысының мекен-жайына профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті берілді және анықталған бұзушылықтарды жою нақты мерзімдері көрсетілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1220588?lang=kk

Жауап қалдыру