Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде теологтың қатысуымен семинар-кеңес өттуі бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы М.Б. Сапарғалиевтің төрағалығымен Ұлытау облысы Дін істері басқармасының «Діндерді зерттеу орталығы» КММ теологы Әмірбек Сұлтан Айдарәліұлының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қоғамдағы зайырлы құндылықтарды нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушыларға конфессияаралық келісімді сақтау, діни қызмет саласындағы заңнаманы сақтау және деструктивті діни ағымдардың таралуына қарсы іс-қимылдың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

Теолог Әмірбек Сұлтан Айдарәліұлы діни саладағы заманауи сын-қатерлер туралы кеңінен түсіндіріп, радикалды идеологиялардың негізгі белгілеріне тоқталды және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында қатысушылар қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, құқықтық және діни мәдениетті арттыруға бағытталған осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-enbek/press/news/details/1220581?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді