
Шолпан Рахматуллина бастаған жұмыс тобы Целиноград ауданының Қабанбай батыр, Талапкер және Ақмол ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында Ауылдық округ мамандарының Отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру жұмыстары, мүгедектігі бар адамдар мәселелері талқыланып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша жұмыс берушілермен кездесу өткізілді.
Сапар аясында халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шараларын көрсету, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу және қолдау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді.
Тұрғындарға мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналастыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1220818?lang=kk

Жауап қалдыру