
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметі бағыттарының бірі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуына өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады..
“AMANAT” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған ” ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!”- “Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту” «AMANAT» партиясының Сайлау алдындағы бағдарламасын орындау жөнінде жол картасын жүзеге асыру бойынша 2026 жылдың соңына қарай стандарттарға сәйкес бейімделген объектілердің үлесі қолжетімділік картасына енгізілген объектілер санының 80% құрауы тиіс.
Бүгінгі күні облыс бойынша 1731 нысан паспортталды және интерактивті қолжетімділік картасына енгізілді, оның ішінде 1173 нысан немесе 68% қолжетімді.
Объектілердің бейімделуін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін Департамент қала және аудан әкімдіктеріне тиісті хаттар жіберді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1220801?lang=kk

Жауап қалдыру