
Шара барысында ауыл шаруашылығы техникаларының техникалық жағдайы, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі және қажетті құжаттарының толықтығы тексерілді.
Техникалық байқаудың басты мақсаты – маусымдық жұмыстар кезінде техникалардың қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, техника иелеріне дала өрттерінің алдын алу, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ескертулер айтылды.
Техника иелеріне техникаларды уақытылы тексерістен өткізіп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1220853?lang=kk

Жауап қалдыру