
Алакөл ауданы әкімінің орынбасарының 2026 жылғы 05 мамырдағы №93-01-33/684-ө хатына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамыту бағытында округ аумағындағы сауда орындарына мониторинг жұмыстары жүргізілгенін хабарлаймыз.
Жүргізілген мониторинг барысында 3 дүкенде жарнама және көрнекі ақпарат мәтіндерінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтіні, атап айтқанда орыс тіліндегі жазбалардың орналастырылғаны анықталды.
Анықталған кемшіліктер бойынша дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары түсіндірілді. Нәтижесінде аталған кемшіліктер сол жерде дереу түзетіліп, көрнекі ақпараттар заңнама талаптарына сәйкестендірілді.
Алдағы уақытта тіл туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы мониторинг және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1221063?lang=kk

Жауап қалдыру