Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және №8 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен профилактикалық жиын өткізілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексін сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, лудомания, суицид, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дәстүрлі емес діни идеологиялардың ықпалынан қорғау және отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу мәселелері қарастырылды. Жиынға жауапты мамандар қатысып, қызметкерлердің тәртібі, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жеке жауапкершілікті арттыру мәселелерін талқылады.
Жауап қалдыру