
9 – 10 мамыр күндері аралығында жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша оқыту семинарын өтті. Лектор: Мирас Қонысбекұлы – дінтанушы, жасанды интеллект саласының маманы. Қатысушылар: Киберқауіпсіздік және қарсы насихат бөлімінің қызметкерлері.
Мақсаты: Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, мониторинг және контент жасау процесіне заманауи технологияларды енгізу.
«Жасанды интеллект құралдарын практикалық қолдану: промпттар әзірлеу және цифрлық контент жасау» тақырыбындағы семинар барысында келесі бағыттар бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді: Промпт-инжиниринг: Мәтіндік және визуалды контентті генерациялау үшін тиімді сұраныстар (промпттар) әзірлеу әдістемесі үйретілді. Қарсы насихат: Нейрожелілер көмегімен қарсы насихаттық материалдарды шұғыл дайындау жолдары көрсетілді. Мониторинг: ИИ құралдары арқылы цифрлық кеңістікті бақылауды автоматтандыру технологиялары талқыланды. Визуалды контент: Профилактикалық жұмыстарға арналған сапалы визуалдар мен видеолар жасау (сценарий жазу, сурет генерациялау) дағдылары пысықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1221102?lang=kk

Жауап қалдыру