Зейнетақы төлемдерін тағайындау барысында төлем алушылар тарапынан жалған құжаттарды ұсыну фактісі туралы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің  Департаментімен 2025ж. қаңтар-қыркүйек айлары аралығында  Жаңақорған (222), Шиелі (175) Сырдария (174), Жалағаш (151), Арал (206) , Қазалы (186)  аудандары бойынша зейнетақы төлемін тағайындау үшін азаматтардың еңбек өтілдерін дәлелдеуге электрондық веб-портал «E-GOV» арқылы ұсынылған 1114 архивтік анықтамаларына қарсы тексеру жұмыстары жүргізілді.

         Тексеру барысында Жаңақорған ауданы бойынша  3 зейнетақы төлем алушылардың еңбек өтілдерін растау мақсатында ұсынған архивтік анықтамадағы мәлімет  Жаңақорған аудандық архивімен берілген архивтік анықтамамен сәйкес келмейтіндігі, яғни төлем алушылармен  өзгерістер енгізіліп, жалған құжаттар ұсыну  фактісі анықталды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агентігінің Қызылорда облысы бойынша экономиқалық тергеу-тексеру департаментіне және Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хат жолданды.

Бүгінгі күні,  3 төлем алушылардың жасына байланысты зейнетақы  және базалық зейнетақы  төлемдерінің мөлшері дұрыс берілген архивтік анықтамамен еңбек өтілдері қайта қаралып, артық төленген  411502 теңге қаражат  мемлекет бюджетіне толығымен қайтарылды.

         Ал, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Арал, Қазалы аудандары бойынша нәтижесінде анықтамалардың негізсіз берілген фактілері анықталмады. Аталған тексеру жұмыстары басқа аудандар бойынша жалғастырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1221220?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді