ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛЫ КӨКЖӨТЕЛМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ 2,8 ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда көкжөтелдің 76 жағдайы тіркелді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2,8 есеге төмендегенін көрсетеді.

Мамандардың мәліметінше, оң динамика вакцинациялау және балаларды толықтырып иммундау жұмыстарының жүргізілуімен байланысты.

Сонымен қатар, сырқаттанғандардың 88%-ын екпе алмаған балалар құрайды – 67 жағдай. Екпе алмаған сырқат балалардың ішінде:
– 69%-ы ата-аналардың профилактикалық екпелерден бас тартуына байланысты вакцина алмаған;
– 22%-ында медициналық қарсы көрсетілім болған;
– 9%-ы екпе жасына жетпеген.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау көкжөтелдің алдын алудың және аурудың ауыр асқынуларының, әсіресе ерте шақтағы балалардың арасында, алдын алудың ең тиімді тәсілі болып қала беретінін еске салады.

Осылайша, биылғы жылдың 4 айында көкжөтелге қарсы жоспарлы вакцинациялаумен 178,9 мың бала қамтылды, оның ішінде:
– 1 жасқа дейінгі 51,6 мың бала;
– 1 жастағы 46,7 мың бала;
– 6 жастағы 80,7 мың бала.

Бұдан бөлек, белгіленген мерзімде екпе алмаған балаларды толықтырып иммундау жалғасуда. Жыл басынан бері көкжөтелге қарсы вакцинациялаумен екпе алмағандар қатарынан 18 жасқа дейінгі 64,6 мың бала мен жасөспірім қосымша қамтылды. Бұл жұмыс қолда бар вакциналар көлемін пайдалана отырып жүргізілуде және жалғасады.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдармен бірлесіп, инфекциялық аурулардың, оның ішінде көкжөтелдің алдын алу мәселелері және профилактикалық екпелерді уақытылы алудың маңыздылығы бойынша халықтың арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1221331?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді