
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен, «Сенімен Болашақ» АҚҰ Ақмола филиалының басшысы Айгүл Нұрмағанбетованың қатысуымен семинар өтті.
Аталған іс-шарада «Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсіту мен жыныстық қудалауды алдын алу» мәселесі қаралды.
Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1221387?lang=kk

Жауап қалдыру