Жылыой ауданы облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Спорт – денсаулық пен тәртіп негізі» атты облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.

Дәстүрлі спорттық додаға облыс бойынша 7 командадан 150-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысып, спорттың төрт түрі бойынша өзара бақ сынады.

Екі күнге жалғасқан тартысты бәсеке барысында Жылыой ауданының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте үздік атанды. Команда мүшелері жарыс барысында ұйымшылдық пен жоғары спорттық шеберліктің үлгісін танытып, жеңіске жетті.

Жалпы командалық есеп нәтижесі бойынша:
 ІІІ орын – Құрманғазы ауданы
 ІІ орын – Мақат ауданы
 І орын – Жылыой ауданы иеленіп, кубок иегері атанды.

Аудан мемлекеттік қызметшілерін жеңісімен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1221411?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді