
Сарыағаш ауданында халықтың рухани-мәдени өмірін дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар нысандардың қатары жыл сайын артып келеді. Соның бір, Шеңгелді елді мекенінде салынып жатқан 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимараты.
Өңір басшысы Арман Абдуллаев құрылыс алаңын аралап, мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесті. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударды. Мердігер мекемеге құрылыс барысында сапалы материалдарды пайдалануды, сондай-ақ нысанды белгіленген мерзімде ел игілігіне беруді тапсырды.
Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме – «Асар строй групп» тарапынан ғимараттың сыртқы қасбетін орнату, сыртқы инженерлік желілерді тарту, ішкі электр жүйелерін жүргізу жұмыстары атқарылуда.
Айта кетсек, жаңа мәдениет үйі мен кітапхана ауыл тұрғындарының рухани-мәдени орталығына айналып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, мәдени шаралардың өткізілуіне және кітап оқуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1221579?lang=kk

Жауап қалдыру