
Алматы облысында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Маусымның ашылуы аясында қатысушылар 100-ден астам көшет отырғызып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды насихаттайтын экологиялық акцияға атсалысты.
Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысына 34 мыңнан астам адамды тарту жоспарланып отыр. Жоба дәстүрлі түрде жастарды еңбекке баулуға, экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға үндейді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1221603?lang=kk

Жауап қалдыру