Қарағанды облысында 10 мыңнан астам студент ашық сот процесіне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және студенттер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ауқымды көрсетілімдік сот процесі өтті.

Қарағанды облысының прокуратура органдарымен Қазыбек би аудандық соты бірлесіп, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасында көрсетілімдік (ашық) сот процесін өткізді.

Сот отырысы ашық форматта өтіп, оған 400-ден астам студент қатысты. Сонымен қатар Zoom бейнеконференцбайланысы арқылы облыстағы 49 колледжден 10 мыңнан астам студент пен 368 оқытушы қосылды.

Сотта өз банк шоттарын үшінші тұлғаларға ақшалай сыйақы үшін пайдалануға берген, яғни «дропперлікпен» айналысқан айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған мүлкін тәркілеусіз, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ жаза мерзімінің бүкіл кезеңіне пробациялық бақылау белгіленді.

Мұндай ашық сот процестерін өткізу жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сананы дамытуға және жасөспірімдер мен студенттердің заңсыз әрекеттерге тартылуының алдын алуға бағытталған.

Прокуратура азаматтарды заңнама талаптарын сақтауға шақырады және құқыққа қайшы әр іс-қимыл үшін жауаптылық туралы ескертеді.

 

#законипорядок#закон_и_порядок

Қарағанды ​​облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1221734?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді