
Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасында есірткінің зиянын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, есірткіге қарсы комикс әзірлеу байқауы өткізілді. Аталған байқау жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы зиянды әдеттердің алдын алуға бағытталды.
Байқауға Қызылорда облысының білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері белсене қатысып, есірткіге қарсы тақырыптағы мазмұнды әрі көркемдік тұрғыдан жоғары деңгейдегі комикс жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар өз туындылары арқылы жастарды салауатты өмір салтын таңдауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға, өмір мен денсаулықтың құндылығын бағалауға шақырды. Сонымен қатар жұмыстарда қоғам үшін өзекті болып отырған мәселелер көркем сюжеттер арқылы ашық көрсетілді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: І орынды – Қызылорда қаласы №215 орта мектеп оқушысы Зейнулла Аян мен Жалағаш ауданы №116 орта мектеп оқушысы Әди Дидар иеленді; ІІ орын – Шиелі ауданы №45 мектеп-гимназиясының оқушысы Асқарова Айару және №127 мектеп-лицей оқушысы Тұрсынбай Сабинаға бұйырды; ІІІ орын – Қызылорда қаласы №296 орта мектеп оқушысы Ертай Каусар, №176 орта мектеп оқушысы Өтеген Дарын, Жалағаш ауданы №203 орта мектеп оқушысы Тасжарғанова Қарлығаш, №118 орта мектеп оқушысы Аманкелдіқызы Кәусар, Қармақшы ауданы №27 орта мектеп оқушысы Бағдатұлы Мансұр, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж студенті Жеткереген Жанна, Қазалы ауданы №226 мектеп-гимназия оқушысы Әлиханов Бекхан, Арал ауданы №14 орта мектеп оқушысы Қосанов Еркебұланға берілді.
Ұйымдастырушылар мұндай байқаулар жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, шығармашылық белсенділікті арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1221857?lang=kk

Жауап қалдыру