«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 27 сәуірде Е.Шайкин атындағы мектеп-лицейінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын тереңірек таныту, оның өлеңдеріндегі ұлттық рухты, елге, жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеу. Іс-шара барысында оқушылар ақынның жалынды жырларын жатқа оқып, көркем сөз арқылы өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе, «Сүйемін», «Мен жастарға сенемін» сынды өлеңдер ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар ақын поэзиясының терең мағынасына үңіліп, оның шығармаларындағы патриотизм, еркіндік, білімге ұмтылу идеяларын сезіне білді. Жас ұрпақ үшін бұл шара рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.
Осындай тағылымды іс-шаралар оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етеді. Байқау соңында оқушылар әр номинация бойынша I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды.
✨ Мағжан мұрасы – мәңгілік, ал оның сөзі – жүректерге жол табатын асыл қазына!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1222037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді