
«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (республикалық) кезеңі өтті.
Ақмола облысынан 17 оқушы қатысты.
Ақмолалық оқушылар тіл пәндері, тарих, математика және ағылшын тілі бағыттары бойынша жоғары нәтиже көрсетті.
IІ-дәрежелі дипломмен:
“Қазақ тілі мен әдебиеті” пәні бойынша Айболатұлы Хан-Керей – Целиноград ауданы Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
“Орыс тілі мен әдебиеті” пәні бойынша Богтоутова Ажар – Целиноград ауданы, Софиевка ауылының орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
“Қазақстан тарихы” пәні бойынша Кенжебай Ақылбай –Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
“Ағылшын тілі” пәні бойынша Бозжігіт Ерасыл – Қосшы қаласының мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы.
ІІІ-дәрежелі дипломмен:
“Математика” пәні бойынша Телман Сұлтанбек – Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;
“Қазақ тілі мен әдебиеті” пәні бойынша Әубәкір Еркежан – Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;
“Орыс тілі мен әдебиеті” пәні бойынша Әшім Әли – Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;
“Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі” пәні бойынша Есентай Әлнұр – Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов атындағы № 18 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;
“Ағылшын тілі” пәні бойынша Кусаинов Назар – Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы.
Грамотамен:
“Математика” пәні бойынша Нұртай Медеу –Қосшы қаласының IT мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;
“Жаратылыстану” пәні бойынша Аббас Роман –Степногор қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы.
“Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі” пәні бойынша Сүлеймен Лаура – Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
“Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі” пәні бойынша Қайролла Аян –Степногор қаласының Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы.
Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1222222?lang=kk

Жауап қалдыру