
Бір мамандық — бір тағдыр: ШҚО ПД-да 60 полицей отбасы қызмет атқаруда
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде қызметін бірге атқарып жүрген 60 ерлі-зайыпты жұп бар. Олардың махаббат хикаясы дәл осы ішкі істер органдарында басталып, ортақ мамандық, жауапкершілік сезімі мен қызметтік борышқа адалдық берік әрі тату отбасын құруға негіз болды.
Күн сайын олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында иық тіресе қызмет етіп, бір-біріне тек күрделі қызметтік сәттерде ғана емес, өмірде де қолдау көрсетіп келеді. Олар өзара түсіністік пен сыйластықтың, адалдық пен шынайы отбасылық құндылықтардың жарқын үлгісі.
Көпшілігі ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеп, жас ұрпақтың бойына заңға құрмет, Отанға сүйіспеншілік және қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін сіңіріп келеді.
Полиция қызметкерлерінің отбасылары ұжымның моральдық рухын нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және ішкі істер органдары қызметінің оң беделін қалыптастыруға елеулі үлес қосуда.
Мықты отбасы әрбір полиция қызметкері үшін сенімді тірек болып, төзімділік пен табандылықты сақтауға, таңдаған ісіне адал болуға күш береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1222209?lang=kk

Жауап қалдыру