Жамбыл облысында ТЖД Өзіндік қауіпсіздік тобы және Өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен қызметтік автокөліктерге тексеру жүргізілді. Тексеру барысында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құжаттардың болуы, сондай-ақ қызметтік автокөліктердің техникалық жай-күйі назарға алынды. Сонымен қатар жүргізушілермен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар қызметтік көліктердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған
Жауап қалдыру