15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде отбасы құндылықтарын нығайтуға, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, үлгілі отбасы құндылықтарын дәріптеуге үлес қосқан қызметкерлер марапатталды. Іс-шара барысында қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды. Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі М. Абдыкалыков әріптестерін мерекемен құттықтап, отбасының қоғам өміріндегі ерекше маңызын атап өтті. Сонымен қатар, қызметкерлерге отбасы амандығын, шаңырақтарына бақ-береке, қызметтеріне табыс пен жетістіктер тіледі.
Жауап қалдыру