Құтқарушының отбасымен спорттық іс-шараға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отбасы күніне орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған отбасылық эстафеталық сайысқа Мамыровтар отбасы белсене қатысып, өздерінің ұйымшылдығы мен ептіліктерін көрсетті. Т.Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Құлан ауылы №10 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Қайрат Рысбайұлы Мамыров отбасымен бірге аудандық Отбасы күніне арналған эстафеталық жарысқа қатысып, жүлделі орын иеленді. Сайыс барысында қатысушылар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, отбасылық бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мамыровтар отбасы барлық тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, ұйымшылдық пен белсенділіктің арқасында үздіктер қатарынан көрінді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1222168?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді